Криптовалюта дегеніміз не?

пятница, декабря 29, 2017

Фото Армана Тосканбаева.
Ең алғашқы криптовалюта ол Биткоин (Bitcoin, BTC) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Бұл қаржылық пирамида және виртуалды ақша емес. Биткоин төлемдерінің желісі толықтай дерлік орталықсыздандырылғандықтан қадағалаушысы болмайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады.
Криптовалютаның соншалықты артықшылығы неде?
Сандық ақша деген - математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардың жиынтығы. Криптовалютаның бүгінде 3000-ға жуық түрі болса, ең танымалы- биткойн. Криптовалюта ешқашан кибершабуылға, xакерлік шабуылдарға бүлк етпейді. Қорғанысы өте жоғары,мықты. Девальвация деген атымен жоқ. Криптовалютаны кез келген әлемнің нүктесіне бір сәтте жібере аласыз. Шотыңызға тексеріс немесе транзакция жасау барысында сізге ЕШКІМ кедергі жасай алмайды. Ол мемлекетке, ұлттық банке тәуелді болмайды.Бағынбайды. Ешкімге. Демек ФРС сияқты сандық ақшаны жеке тұлғалар (эмитент) шығарады. Бірақ бұл мүлде басқа валюта. Сіз ол ақшаны қолыңызға ұстай алмайсыз және қалтаңызға сала алмайсыз.
Әрине кейбір адамдар криптовалюта болашақтың төлем құралы ретінде қарайды. Ал, кейбірі бұл жүйе әлемдік экономикаға өз зиянын тигізеді деп ойлайды. Бірақ екі тарап та кез-келген транзакция делдалсыз жүрсе әлемдік экономикаға тиімді екенін жоққа шығармайды. Кезінде қоғам нарықтық экономикаға көшкенде виртуалды ақша жүйесіне сенімсіздікпен, үреймен қабылдап еді, бүгінде екінің бірі қолданады.
Жақында, криптовалюта жайлы, Жания Әбдібек қызы екеуіміз дайындаған бейне материал жарыққа шығады.

Измени мышление, и ты изменишь свою жизнь

0 Комментировать